ЖАҢАЛЫҚТАР

 

Бас офистің басқа мекенжайға көшуі

21.12.2015

 

«ЖЕКЕ КАБИНЕТ» ИНТЕРАКТИВТІ СЕРВИСІ АРҚЫЛЫ КӨРСЕТІЛЕТІН БІРЫҢҒАЙ ТІРКЕУШІНІҢ ҚЫЗМЕТТЕРІНЕ АҚЫ ТӨЛЕУДІ ЕНГІЗУ ТУРАЛЫ  ХАБАРЛАМА

 

«Бағалы қағаздардың бірыңғай тіркеушісі» акционерлік қоғамы (бұдан әрі мәтін бойынша – Бірыңғай тіркеуші) 2016 жылдың 01 қаңтарынан бастап «Жеке кабинет» интерактивті сервисі арқылы көрсетілетін Бірыңғай тіркеушінің қызметтері үшін Бірыңғай тіркеуші Директорлар кеңесінің 2013 жылғы 29 қарашадағы (№10 хаттама) шешімімен бекітілген және 2014 жылғы 01 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілген Тарифтерге сәйкес ақы алынатындығын хабарлайды.

Алдын ала төлем бойынша қызметтерді алу кезінде жүйе «Казкоммерцбанк»АҚ порталына ауысу және қажетті қызметтерге онлайн-төлем жүргізу мүмкіндігін ұсынады. Онлайн-төлем жүргізу тәртібі «Жеке кабинет» интерактивтік сервисін пайдаланушы нұсқаулығында көрсетілген. Пайдаланушы нұсқаулығына Бірыңғай тіркеушінің корпоративтік сайты: https://tisr.kz«Жеке кабинет» бөлімі «Құжаттама» шағын бөлімі арқылы қолжетімді.

Бірыңғай тіркеушімен қызметтерді көрсету туралы шарт жасасқан заңды тұлғалар үшін кейінгі төлем бойынша қызметтерді алу кезінде «Жеке кабинет» интерактивті сервисі арқылы алынған қызметтер ақысы осы қызметтерді Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген нысан бойынша ресімделген бір жиынтық «Орындалған жұмыстар/көрсетілген қызметтер актісіне» қосу арқылы есептілік айға берілетін болады.    

Жеке кабинеттен электрондық мемлекеттік сатып алуларға және өзге мақсаттарға қатысу үшін анықтамалар тегін беріледі.

«Жеке кабинет» сервисінің жұмысы бойынша сұрақтар туындаған жағдайда Бірыңғай тіркеушінің call-орталығына Қазақстанның кез келген нүктесінен «жедел желі» телефоны бойынша 8 800 080 88 80 нөміріне (қалалық телефоннан қоңырау шалу  тегін) немесе 8 (727) 272 47 60 көп арналы нөміріне хабарласа аласыздар.

 

Партнеры:

баннер kase ig_nb