Бірыңғай тіркеуші 20.07.2015 жылдан бастап «Жеке кабинет» интерактивті сервисінің енгізілгендігі туралы хабарлайды
- Толығырақ
-
20 Шілде 2015
«ЖЕКЕ КАБИНЕТ» ИНТЕРАКТИВТІК СЕРВИСІН ӨНЕРКӘСІПТІК ПАЙДАЛАНУҒА ЕНГІЗУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА
«Бағалы қағаздардың бірыңғай тіркеушісі» акционерлік қоғамы (бұдан әрі мәтін бойынша – Бірыңғай тіркеуші) 2015 жылдың 20 шілдесінен бастап «Жеке кабинет» шағын жүйесінің өнеркәсіптік пайдалануға енгізілгендігі туралы хабардар етеді. «Жеке кабинет» интерактивтік сервисіне кіруді https://cabinet.tisr.kz бойынша жүзеге асыруға немесе Бірыңғай тіркеушінің корпоративтік сайтындағы «Жеке кабинетке» сілтеме жасау бойынша кіруге болады.
Осы кезеңде сервис тізілімдер жүйесінен тіркелген тұлғаның жеке шотының деректемелері, жеке шоттағы қаржы құралдарының қалдықтары, Бірыңғай тіркеушінің қызметі бойынша есептелген комиссия сомасы туралы өзекті ақпаратты алуға, сондай-ақ 22.01.2015 ж. Бірыңғай тіркеуші Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген және 09.02.2015 ж. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі келісімдеген Тізілімдер жүйесін жүргізу қағидасымен белгіленген нысандар бойынша Бірыңғай тіркеушінің уәкілетті лауазымды тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (ЭЦҚ) куәландырылған мына төменде көрсетілген құжаттарды:
· Барлық клиенттер үшін: тіркелген тұлғаның жеке шотынан үзінді-көшірмені;
· Эмитенттер үшін: бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімін, акционерлер тізімін, ірі акционерлер туралы ақпараттарды және 2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап қазіргі уақыт аралығы бойынша тізілімдер жүйесінен өзге ақпараттарды;
· Шаруашылық серіктестіктері үшін: қатысушылар тізілімін, жарғылық капиталдың пайыздық сауалында белгіленген үлестерге ие серіктестікке қатысушылар туралы анықтама, серіктестіктің үлестерімен мәмілелер тарихын алуға мүмкіндік береді.
Мәліметке алу үшін сервис қалыптастыратын электрондық құжаттардың Қазақстан Республикасының «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» заңына сәйкес қағаз тасымалдағыштағы құжаттарға мәні мен маңызының сәйкестігін хабарлаймыз.
«Жеке кабинет» сервисімен жұмыс істеу үшін клиентке Қазақстан Республикасының Ұлттық Куәландырушы Орталығы (бұдан әрі – ҚР ҰКО) берген ЭЦҚ тіркеуші куәлігіне ие болуы тиіс. ЭЦҚ тіркеуші куәлігін алу шарты, онымен жұмыс істеу қағидасы мен оны пайдалану қауіпсіздігі бойынша талаптар ҚР ҰКО (http://www.pki.gov.kz) ресми сайтында келтірілген.
Қазіргі уақытта «Жеке кабинет» сервисі қызметтеріне Бірыңғай тіркеушіге жасалған шарт шеңберінде эмитент немесе шаруашылық серіктестігі ұсынған қол қою үлгілері мен мөр таңбасы бар құжатта көрсетілген өкілдер қол жеткізе алады.
«Жеке кабинет» сервисіне қатынау құқығымен сіздің компанияңыздың пайдаланушылар құрамын толықтыру қажет болған жағдайда, сізден Бірыңғай тіркеушіге төменде келтірілген нысан бойынша қағаз тасымалдағыштағы сенімхатты ұсыну талап етіледі.
Компанияның өкіліне тізілімдер жүйесінен ақпаратты алу құқығы Бірыңғай тіркеушіге алдында ұсынылған құжаттармен расталған болса, онда оның «Жеке кабинет» сервисіне қатынауын ұсыну үшін Бірыңғай тіркеушінің
This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
электрондық мекенжайына еркін нысанда компанияның атауы мен БСН, сондай-ақ өкілдің Т.А.Ә. және ЖСН көрсетілген хабарлама жіберілуі тиіс.
Компания алдында берілген сенімхаттың күшін жойғанда немесе сенімхаттың қолданылу мерзімі аяқталғанда «Жеке кабинет» сервисі пайдаланушылары құрамынан сіздің компания өкілін шығарып тастау орын алады.
«Жеке кабинет» сервисі ұсынатын ақпаратқа рұқсат берілмеген қатынау тәуекелін болдырмау мақсатында, сіздің назарыңызды аталған ақпаратқа қол жеткізу бойынша өкілеттігі тоқтатылған тұлғалардың (оларға алдында берілген) ҚР ҰКО (ЭЦҚ) тіркеу куәлігін уақтылы қайтарып алу қажеттілігіне назарыңызды аударамыз.
Бірыңғай тіркеуші сізді осы қызмет түрін пайдалануға шақырады. «Жеке кабинет» сервисінің барлық қызметтері 2015 жылдың 31 желтоқсанына дейін тегін ұсынылады.
«Жеке кабинет» сервисінің жұмысы бойынша сұрақтар туындаған жағдайда Қазақстан Республикасының кез келген нүктесінен Бірыңғай тіркеушінің «жедел желі» телефонына 8 800 080 88 80 нөмірі бойынша (қалалық телефоннан қоңырау шалу тегін) немесе 8 (727) 272 47 60 ішкі н. 150, 152 көп арналы нөміріне хабарласа аласыздар.
Қосымша:
Ұйымның фирмалық бланкісінде
№ ___ СЕНІМХАТ
Екі мың он ______жылдың _____ ___________ Алматы қаласында берілді.
«__________________________________» (заңды тұлғаның атауы) (БСН ________________), заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлік № ___________, орналасқан мекенжайы: ______________ негізінде әрекет ететін _____________ тарапынан
(бұдан әрі мәтін бойынша – Ұйым) осы сенімхат арқылы Ұйымның келесі қызметкерлеріне уәкілеттіктер береді:
№ р/с
|
Қызметкердің аты-жөні (толығымен)
|
Туған күні
|
ЖСН
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
«Бағалы қағаздардың бірыңғай тіркеушісі» АҚ-да Ұйымның мүддесін www.tisr.kz веб-порталында «Жеке кабинет» интерактивті сервисімен жұмыс істеу кезінде осы сервис арқылы алынатын ақпаратқа қол жеткізу, Ұйымның атынан тізілімдер жүйесінде ақпараттық операцияларды жүргізуге электрондық өкімдерге қол қою, осы тапсырмамен байланысты барлық қажетті әрекеттер мен өзге функцияларды орындау құқығымен ұсынуға.
Осы сенімхат сенімнің ауысу құқығынсыз ______ жыл аралығына берілді.
_____________________________ ______________
бірінші басшы М.О. қолы